«Біз 2010 жылға дейін қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасау туралы міндет қойдық «, — деді Н. Назарбаев.
«Яғни, кәсіпорындарда, құрылыста, энергетикада, көлік саласында қоршаған ортаны қорғайтын, бүгінгі күнге сай қатаң талаптар орнатылуы керек», — деп түсіндірді ол.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, «өндіріс орындары ұлғайғанымен, қазақ кәсіпорындарының 1990 жылдан бастап ауаға шығарған 4,7 млн тонна зиянды заттар көлемі, былтыр 3 млн тоннаға дейін төмендеді». «Ертіс, Орал өзендерінің және Балхаш көлінің ластану индекстері қысқарды», — деді мемлекет басшысы.
«Қазақстан өз дамуында экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдігін сақтауы керек. Біз бүкіл әлемге, тұрғындары жоғарғы стандарттармен өмір сүретін мемлекет болатынымызды жарияладық. Қазақстанның даму стратегиясында көрсетілгеніндей, ҚР жазыл желекке бөленген, суы мен ауасы таза мемлекетке айлануы керек», — деп атап кетті мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті