Қазақстанда 2015-жылы тауар түріндегі газ өндіру көлемі 236 млрд текше метрді құрайды - энергетика және минералды ресурстар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2015-жылы тауар түріндегі газ өндіру көлемі 236 млрд текше метрді құрайды - энергетика және минералды ресурстар министрі

Қазақстанда 2015-жылы тауар түріндегі газ өндіру көлемі 236 млрд текше метрді құрайды - энергетика және минералды ресурстар министрі

АСТАНА. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2015-жылы тауар түріндегі газ өндіру көлемі 236 млрд текше метрді, экспорт көлемі 24,8 млрд. текше метрді құрайды. Бұл туралы үкімет отырысында сөз алған республикамыздың энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«2015-жылы тауар түріндегі газ өндіру көлемі 236 млрд текше метрді, экспорт көлемі 24,8 млрд. текше метрді құрайды»,- деді ол.

«Барланған және бағаланған газ қоры 3,3 трлн. текше метрді құрайды, ал потенциалдық қор 6-8 трлн текше метрге жетеді»,- деді ол.

Оның пікірінше, «бүгінгі таңда Бейнеу — Бозой — Шалқар — Ақбулақ бағытындағы магистральді газ құбырын тарту жобасының өзектілігі артты». «Бұл наз құбыры батыс облыстардан газды еліміздің оңтүстістік өңірлеріне кедергісіз жіберуге және одан әрі Қазақстанның шығыс шекарасына қарай шығуға мүмкіндік береді»,- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті