Қазақстанда ағымдағы жылдың 8 айында қасақана жалған банкрорттық жариялау деректері бойынша 7 іс қозғалды - ҚР Қаржы министрлігі
Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 8 айында қасақана жалған банкрорттық жариялау деректері бойынша 7 іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы Сабыржан Бекбосынов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біздің орган мен байқау және сауықтыру жөніндегі басқарушылардың бір функциясы - қасақана жалған банкрорттық жариялау деректерін анықтау және тиісті материалдарды қаржы полициясы органдарына қылмыстық іс қозғау үшін жолдау", - деді С. Бесбосынов.
"Былтыр осындай 16 іс қозғалса, биылғы 8 айда 7 қылмыстық іс қозғалды", -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін