Жарияланды: 440

Қазақстанда ағымдағы жылы тауар белгілеріне екі мыңнан астам куәлік берілді - ҚР Әділет министрлігі

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы тауар белгілеріне екі мыңнан астам куәлік берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен брифингте өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Құмаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 9 айында тауар белгілеріне 2384 куәлік берілді, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 44,7% артық. Өнертабсқа 124 патент, пайдалы модельдерге 80 патент берілді", - деді Н. Құмаров. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін