Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар - В.Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар - В.Школьник

Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар - В.Школьник

Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы бүгін

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 568
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Энергетика министрі Владимир Школьник айтты. 

«Бүгін біз өң өтімді АИ-92/93 бензиндері жайында айтатын боламыз. Өздеріңізде білетіндей, біз оны жылына 2 млн. тонна көлемінде өндіреміз, ал қажеттілік жылына 3 млн. тонна. 1 млн. тоннаны біз сырттан әкелеміз. Ресей Федерациясынан тасымалдайтын бензин ол жақта бізге қарағанда қымбат. Мұндай жағдайда ешкім ол жақтан бензин әкелмейді, тапшылық туындайды.Тапшылық болмауы үшін бағасы еркіндікке жіберілді»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, Ресейде АИ-92 бензинінің 1 литрі 143 теңге болса, біздегі орташа бағасы 125 теңге. Дегенмен, көтермен бағамен сатып алған кезде Қазақстанға біршама тиімді. Сондықтан да еліміз көрші елден бензин тасымалдауда.


«Тамыз айында, тапшылық орын алады деп қорыққан кезімізде біз 74 мың тонна әкелдік, бүгінгі күнге дейін тағы 41 мың тонна алдық. Қазіргі уақытта біздің қорымыз 214 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы 94 мың тонна қорымыз болған еді. Яғни, АИ-92 бензинінің қоры жеткілікті», — деді В.Школьник. 
Сонымен қатар ол бензиннің алдағы уақыттағы құны теңгенің рубль мен долларға қатысы бағамына байланысты екенін атап өтті. «Сіздер маған сол болжамды айтып берсеңіздер, мен сіздерге бензиннің бағасы қанша болатындығын айтар едім», — деді ол.