Қазақстанда алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін веложарысқа Винченцо Нибали келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін веложарысқа Винченцо Нибали келеді

Қазақстанда алғаш рет халықаралық деңгейде өтетін веложарысқа Винченцо Нибали келеді

Әлемдік командалар қатысатын велодода Алматыда 4 қазанда өтеді. 

  • 2 Қазан 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz


Бір күндік жарыс қарсаңында Алматы қаласы әкімдігі және «Астана Моторс» КМК компаниясының қолдауымен тартымды вело-шоу ұйымдастырылады.

Спринт-рейстің басты қонағы ретінде «Тур де Франс-2014» веложарысының триумфаторы Винченцо Нибали келеді.

500 метрлік қысқа дистанцияға 8 кәсіби команда: ASTANA PRO TEAM (Қазақстан), TEAM KATUSHA (Ресей), TEAM LA POMME MARSEILLE 13 (Франция), Bardiani (Италия), RUSVELO (Ресей), TEAM NOVO NORDISK (АҚШ), VINO 4-EVER (Қазақстан) және KAZAKHSTAN NATIONAL TEAM (Қазақстан) қатысады.

Оңтүстік астананың әуесқой велосипедшілері де кәсібилер жүріп өткен соң жарысқа шыға алады.

Спринт-рейсте Astana Motors фанаттары әйгілі спортшылармен әңгімелесіп, суретке түсіп, биылғы «Тур де Франста» Винченцо Нибали жеңіп алған велосипедті көре алады. Жарыс сағат 13.00-де Республика алаңында басталады.