Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz— ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азиада жеңімпаздары 10000 доллар, күміс жүлдегерлер 5000 доллар, қола жүлдегерлер 3000 доллар алады. Жаттықтырушыларға сәйкесінше 5000, 3000 және 2000 доллар берілетін болады.
Сондай-ақ, командалық жарыстарға қатысқан спортшыларға жеке төлемдер қарастырылған.
Айта кетейік, Қазақстан Азиаданы медальдық есепте 11-ші орында аяқтап, 80 марапатқа ие болды, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола бар.
Азиада 8 қазанда аяқталады. Жабылу рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.