Жарияланды: 390

Қазақстанда бір күн ішінде жол жүру ережелерінің 7 мыңнан аса рет бұзылғандығы анықталды

Қазақстан ІІМ жол полициясы комитеті 24-29 қазан аралығында республикалық "Қауіпсіз жол" акциясын өткізіп отыр.

Бейсенбіде комитеттен таралған хабарламаға қарағанда, 2012 жылдың 9 айы ішінде республика жолдарында 9 мың 700 жол оқиғасы болған, онда 2 мыңнан аса адам қаза болған, шамамен 12 мың адам жарақат алған. Жалпыреспубликалық "Қауіпсіз жол" шарасын комитет жолда апат жағдайларына қатысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүргізіп отыр, делінген онда. Операцияның бірінші күні жол жүру ережелерінің 7 мың 388 рет бұзылғандығы тіркелген, 191 жүргізуші көлікті мас күйінде айдағандығы үшін әкімшілік жауапқа тартылған, жылдамдықты асырып жүргендігі үшін 2 мың 618 жүргізушіге айыппұл салынған, қарсы жолға 119 жүргізушінің шығып кеткендігі анықталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін