Жарияланды: 650

Қазақстанда биыл шамамен 14 млн. тонна астық жиналады - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақстанда биыл шамамен 14 млн. тонна астық жиналады. Бұл туралы бүгін, 8-қыркүйекте сенаттағы үкіметтік сағат аяқталғаннан кейін журналистермен жүздескен үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов

мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан. Сондай-ақ, вице-премьердің атап көрсетуінше, "еліміздің негізгі астықты аймақтарында қазіргі таңда белең алған күн райының аптап ыстықтығы астық сапасының арта түсуіне септігін тигізді. Сол себепті жалпы астық түсімінің мөлшері өзгеруі мүмкін". Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың басында ҚР ауылшаруашылығы министрлігі биылғы түсімнің жалпы таза салмағы 12,5 млн. тоннаны құрайтындығы туралы болжам жасаған болатын. Ал өткен жылғы түсімнің таза салмағы 15,9 млн. тоннаны құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін