Жарияланды: 630

Қазақстанда бүкіл тауарлар мен қызметтердің бағасы ұлттық валютада көрсетілуге тиіс

Қазақстанда бүкіл тауарлар мен қызметтердің бағасы ұлттық валютада көрсетілуге тиіс

Қазақстанда бүкіл тауарлар мен қызметтердің бағасы ұлттық валютада көрсетілуге тиіс, деді Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев.

"Елбасы алға қойған басты міндет, экономикада доллардан бас тарту жұмысын жалғастыру болмақ. Ұлттық банк және үкімет бұл бағытта жұмыс істеп отыр. Теңгенің рөлін күшейту үшін экономикалық ынталандыру шараларын жүргізумен қатар процедуралық сипаттағы да шараларды орындау қажет. Мәселен, елдегі активтердің барлық түрлерінің бағасы ұлттық валютада өлшеніп, көрсетілуге тиіс», деді ол Астанада сейсенбіде үкіметте өткен отырыста.
Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев  атап өткендей, Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп экономиканы доллардан  арылту және теңгелік құралдардың тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдайтын болады, оның ішінде корпоративті бағалы қағаздар рыногын дамыту, ел аумағында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жарнамада бағаны тек ұлттық валютада көрсету, т.б.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін