«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің материалдық қамтамасыздық деңгейін жақсарту үшін класс бойынша жіктемесі, арнаулы атағы, ерекше ахуалда қызмет ету жағдайына қарай жедел тергеу бөлімдері қызметкерлеріне берілетін үстеме жалақы көлемін 60 процентке дейін көтеру, сондай-ақ, коммуналдық қызмет ақысын, қоғамдық көлікте қатынау және демалыс орнына барып-қайтатын жолақысының өтемақылары мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныс жасалды»,- деді ол.
Сонымен бірге Ұ.Патсаевтың айтуынша, ІІМ қазір алдын-ала тергеу органдары және тергеушінің мәртебесі туралы заңның жобасын жасауда. «Заңда алдын-ала тергеу органдары тергеушілерінің біртұтас құқықтық мәртебесін бекіту, тергеушілерді мемлекеттік және әлеуметтік қорғау шараларын қарастыру, оларды мемлекеттік қордан қызмет бабындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету, қылмыстық істерді тексерудегі қиындықтар мен жұмыстағы жетістіктері үшін ай сайын үстеме ақы белгілеу ұсынылған»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті