Жарияланды: 210

Қазақстанда ішімдікке құмар ата-аналарға сот тәртібімен тыйым салуға болады

Қазақстанда ішімдікке құмар ата-аналарға сот тәртібімен тыйым салуға болады

Ата-аналарға үйде ішімдік ішуге, есірткі қолдануға және психотропты препараттар қолдануға сот арқылы тыйым салуға болады, алайда Әкімшілік кодекстегі бұл бап іс жүзінде жүзеге асып жүрген жоқ

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда он мыңдаған жанұя әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде тіркеуде тұр. Көбінесе мұндай отбасы мүшелерінің бірі ішімдікке немесе есітркіге құмар болады. Өткен жылдың сәуір айына дейін мұндай отбасыларға ешқандай шара қолдану мүмкін емес еді. Алайда былтыр көктемде ҚР Әкімшілік кодексіне пайдалы толықтырулар енгізілді.

«Процеске қатысушылардың немесе ішкі істер органдарының өтініші бойынша сот алкоголь, есірткі немесе психотропты препараттарды үш айдан бір жылға дейін пайдалануға тыйым салуы мүмкін», делінген ҚР Әкімшілік кодексінің 54-бабында.

Өскеменде заңгерлердің кейбірі бұл баптың іске асқанын көрмегендерін айтады.

«Бұл бап кодексте 2014 жылдан бері бар және бірнеше мәрте түзету енгізілген. Түзетулер санына қарап, бұл бапты ешкім іс жүзінде қолданысқа енгізе алмағанын байқауға болады. Бұл бап бойынша шаралар шағымданушы тарапынан іске асырылады деп болжанған. Көріп отырғанымыздай, ешкім айтарлықтай шағым түсірген жоқ. Енді бұл соттың құқығы», - дейді заңгер Ирина Исрафилова.

Заңгер сот шешімімен болған тыйымды бұзу фактісін дәлелдеу өте оңай екенін айтады. Қажет жағдайда полиция қызметкерлерін шақырсаңыз болғаны. Мұндай жағдайда заң бұзушы ішімдік ішкені немесе есірткі шеккенін тексеруге жіберіледі. Сондай-ақ, заң бұзған адамды тұтқындауға да болады.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адам мен зардап шектірген адамның бірге тұруына тыйым салынуы да іс жүзінде іске аса бермейді. Жәбірлеушінің басқа үйі болған жағдайда ғана заң бойынша бөлек тұруды талап ете аламыз, бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда болады. Ондай адамның екінші үйі немесе пәтері болуы мүмкін емес», - дейді заңгер.

Оқи отырыңыз:

Елімізде арақ-шарап сату уақыты айтарлықтай шектелді

ДДСҰ әлемдегі ең ішкіш елді атады

Ішімдікке тәуелділіктен арылтатын ұялы телефон бағдарламасы ойлап табылды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть