Қазақстанда кімге қосымша демалыс беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кімге қосымша демалыс беріледі

Қазақстанда кімге қосымша демалыс беріледі

 

  • 21 Шiлде 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

Оны кім талап ете алатыны туралы адвокат Надежда Гельдт айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. 

"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшылар 24 күнтізбелік күнге созылатын негізгі демалыстан бөлек, кей жағдайда, қосымша ақылы демалыс алуға құқылы", — дейді "Право знать" Telegram-арнасының авторы.


Мұндай демалыс мына тұлғаларға:

  • ауыр жұмыстармен, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • ұзақ мерзімді үздіксіз жұмыс істеген, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ көтермелеу ретінде өзге сипаттағы жұмыстарды орындаған қызметкерлерге беріледі.

Заңгер адамдардың алғашқы екі санаты үшін қосымша демалыстың ұзақтығы кемінде 6 күнтізбелік күнді құрауы тиіс екенін атап өтті.