Қазақстанда мобильді «Дәрігер» іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мобильді «Дәрігер» іске қосылды

Қазақстанда мобильді «Дәрігер» іске қосылды

Бүгін Астанада «Dariger» атты электронды жүйенің мобильді нұсқасы таныстырылды. Оны планшет немесе смартфонға салып, кез келген ауру-сырқатты емдеудің жолдарын білуге болады.

  • 23 Қазан 2013
  • 540
Фото - Caravan.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, аталған мобильді қосымша арқылы ем-домның хаттамаларын алып, оқуға болады. «Дәрігер үшін бұл көмекші сияқты, ол хаттамаларды оқып, ауру-сырқатты емдеудің жолдарын нақтылай алады. Ал қарапайым халық үшін — қазіргі медициналық қызметтер туралы толыққанды ақпарат. Қазақстанның кез келген азаматы сайтқа кіріп, оның ауруын қалай емдеу қажеттігін біле алады», — дейді Б. Есенбаев.


Айта кетейік, «Dariger» атты электронды жүйенің мобильді нұсқасы Қазақстанда жасалған. Әзірше, оны тек Android операционды жүйесі бар құрылғыларға ғана көшіріп алуға болады.