ТЖМ мәліметінше, 15 қаңтарда Ақтөбеде «Эко» бақша шаруашылығы ұжымына қарасты үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шықты. Соның салдарынан үйде тұратын 4 адам, соның ішінде 2 бала уланып, ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының Орманшы ауылында жай үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шығу салдарынан газды-ауалы қоспа жарылып, соның салдарынан 28 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. Өрттен 5 адам, соның ішінде екі бала күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.
«Үй конструкциясы бүлінген жоқ, терезе әйнектері сынды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 19 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді», -деп хабарлайды ТЖМ.
15 қаңтарда Маңғыстау облысының Жетібай ауылында 2 пәтерлі үйде тұрмыстық газ қондырғысын пайдалану барысында табиғи газ шығу салдарынан үйде тұратын 3 тұрғын мен бір бала уланып, ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті