Қазақстанда өрттердің салдарынан 4 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өрттердің салдарынан 4 адам қаза тапты

Қазақстанда өрттердің салдарынан 4 адам қаза тапты

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды аггенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысындағы Қазалы ауылында 6 желтоқсанда 23 сағат 15 минутта жай үйде 18 шаршы метр аумақта өрт шығып, 2 адам қаза тапты.

«Өрт 7 желтоқсанда 1 сағат 30 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді», -деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Сонымен біррге, ТЖМ мәліметінше, кеше 8 сағат 48 минутта Семейде жай үйдің қосалқы қабатында 60 шаршы метр аумақта өрт шығу салдарынан 1 адам қаза болды.

«Өрт 11 сағат 03 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 3 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Алматы облысының Талғар ауданында «Южное» бақша шаруашылығында 13 сағат 24 минутта 16 шаршы метр аумақта өрт шығып 1 адам қаза тапты.

Министрліктің хабарлауынша, өрт 13 сағат 55 минутта ҚР ТЖМ-нің 4 адамы мен 1 техникасын жұмылдыру арқылы сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті