Қазақстанда отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың «ерте тендер» тетігі енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың «ерте тендер» тетігі енгізілді

Қазақстанда отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың «ерте тендер» тетігі енгізілді

Қазақстанда отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың «ерте тендер» тетігі енгізілді.

  • 13 Қазан 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысында отандық кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау тетігінің бірі «ерте тендер» болмақ. 

«Оған сәйкес тауар жеткізуге немесе  қызмет көрсетуге қатысты жасалған келісімшарттардың мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді. Мерзімді кейінгі қалдыру Қазақстан аумағында өндірісті жолға қою үшін беріледі. Қазіргі таңда «ерте тендер» механизмі арқылы жүзеге асырылатын Қарашығанақ жобасын кеңейту аясында 15 тауар және қызмет түрлері таңдалды. Оның ішінде 6 түрі бойынша жұмыстарды ағымдағы жылы бастау шешімі қабылданды», — деді ол.

М.Мырзағалиевтің сөзіне қарағанда, дәл осындай жұмыс Солтүстік Каспий  жобасына қатысты да жүргізіледі.