Жарияланды: 440

Қазақстанда қалааралық қоңыраулар үшін "0" және халықаралық қоңыраулар үшін "00" префиксін енгізу жоспарлануда - АБА

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін - Қазақстанда қалааралық қоңыраулар үшін "0" және халықаралық қоңыраулар үшін "00" префиксін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары Асқар Бишиғаев мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз нумерация ресурстарын тарату жөніндегі жаңа құжаттың жобасын жасап, келісуге ұсындық. Бұл бізге таяу уақыттарда бүкіл дүниежүзіндегі секілді азақстанда қалааралық қоңыраулар үшін "0" және халықаралық қоңыраулар үшін "00" префиксін енгізуге мүмкіндік береді", - деді А. Бишиғаев. "Бұл біртұтас шұғыл арнаулы қызметтің "112" қызметін енгізуге жол ашады",- деді ол. Асқар Бишиғаев атап өткендей, Қазақстан Республикасының радиожиілік бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2008 жылдың 28 мамырдағы шешімі мемлекеті үшін аса маңызды болды. Оның аясында Агенттікке бір реттік төлем жасау мен қосымша келісімдік міндеттері қарастырылатын, Қазақстан Республикасындағы 1800 МГц диапазонындағы GSM ұялы телефон стандарттарын жұмыс жасайтын операторлар арасында 5 МГц (қабылдау/тарату) жиілікті үлестіру ұсынылды. Қосымша келісімдік міндеттер бойынша 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін республиканың барлық аймақтарында тұрғындары 1000 адамнан астам жерлерді қамту қажеттілігі көрсетілген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть