Қазақстанда қылмыс деңгейі 3,9 пайызға қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қылмыс деңгейі 3,9 пайызға қысқарды

Қазақстанда қылмыс деңгейі 3,9 пайызға қысқарды

Жыл басынан бері Қазақстанда 300 мың 437 қылмыс тіркелген.

  • 18 Қараша 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz


Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,9% кем. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстың алаяқтықтан басқа барлық түрлерінің қысқарғаны байқалады. Алаяқтық фактілері керісінше, 3,7 пайыз өскен.
Аталған уақыт аралығында аса ауыр қылмыс саны 19,2% (2 405-тен 1943-ке дейін), ауыр қылмыстар — 17,9% (30 мың 164-тен 25 мың 123-ке), орташа деңгейдегі қылмыстар 1,8% (241 мың 444-тен 237 мың 180-ге), жеңіл қылмыстар — 5% (38 мың 115-тен 36 мың 191-ге) қысқарған.
Елміздің барлық аймақтарында дерлік қылмыстық көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Тек Астанада жалпы қылмыс саны 2 пайыз, Алматыда 13 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 2,2 пайыз, Оңтүстік Қазақстан облысында 9 пайыз артқан.