Жарияланды: 430

Қазақстанда садақаға арналған электронды терминал құрылды

Қазақстанда садақаға арналған электронды терминал құрылды

Қазақстанда садақаға арналған электронды терминал құрылды. Қазір терминал сынақ режимінде жұмыс істеп тұр,

деп хабарланған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында.

«Электронды садақа» жобасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әкімшілігінің бастамасымен қолға алынған.

Алғашқы терминал Әзірет Сұлтан мешітіне қойылды.

«Электронды садақа» терминалы алғашқы кезеңде Астана қаласына қойылады. Егер жоба үмітті ақтайтын болса, Қазақстанның басқа қалаларындағы мешіттеріне орналастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін