Қазақстанда саяхатқа шығуға болатын жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда саяхатқа шығуға болатын жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі

Қазақстанда саяхатқа шығуға болатын жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі

Еліміз бойынша туристер саяхаттап баратын орындардың саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 23 Шiлде 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

АшықНҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.

Құжатқа сай, енді Қазақстан бойынша туристік аумақтар қатарына мына орындар енгізіледі:

— Абай облысының «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

— Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы;

— Шығыс Қазақстан облысының «Катон-қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

— Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балхаш көлінің жағалауы;

— Жетісу облысының «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

— Жетісу облысындағы Балқаш көлінің жағалауы;

— Жетісу облысының «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

— Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалау;

— Абай облысындағы Шошқалы көлінің курорттық аймағы;

— Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені;

— Абай облысындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы;

— Ақтөбе облысындағы «Қарғалы» су қоймасының курорттық аймағы;

— Ақтөбе облысындағы «Ақтолағай» тау жотасы;

— Ақтөбе облысындағы «Барқын» құмдары;

— Ақтөбе облысындағы «Аққұм» құмдары;

— Ақтөбе облысындағы «Қасқыр» сарқырамасы;

— Жетісу облысындағы Текелі қаласы

— Қызылорда облысындағы «Ханқожа» көлі;

— Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» кесенесі;

— Қызылорда облысындағы «Қамысты» көлінің курорттық аймағы;

— Қызылорда облысындағы Жаңақорған балшық курорттары;

— Түркістан облысындағы Үкаша ата кесенесі мен құдығы;

— Түркістан облысындағы Бәйдібек ата кесенесі;


— Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі;

— Түркістан облысындағы Қос ана кесенесі;

— Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі;

— Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;

— Түркістан облысындағы Ақбикеш мұнарасы;

— Түркістан облысындағы Шәммәт ишан мешіті;

— Түркістан облысындағыМажратұт мыңжылдық тұт ағашы;

— Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;

— Түркістан облысындағы Кеме қалған монументі;

— Түркістан облысындағы Жылаған ата үңгірі;

— Түркістан облысындағы Келіншектау тау жотасы;

— Түркістан облысындағы Сарыағаш курорттық аймағы;

— Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі;

— Түркістан облысындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі;

— Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы;

— Түркістан облысындағы Келте Машат шатқалы;

— Түркістан облысындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;

— Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы;

— Ұлытау облысының «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы;

— Ұлытау облысындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені;

— Шымкент қаласындағы «Шым қала» тарихи мәдени-кешені;

— Шымкент қаласындағы Ибрагим ата кесенесі;

— Шымкент қаласындағы «Қарашаш ана» кесенесі;

— Шымкент қаласындағы «Мірәлі баба» кесенесі;

— Шымкент қаласындағы «Хызыр» мұнарасы;

— Шымкент қаласындағы «Абділ Әзіз баб» кесенесі.

Туристік бағыттар тізімін кеңейтуді көздейтін министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.