Қазақстанда сот алқасын тексерудің жаңа механизмі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сот алқасын тексерудің жаңа механизмі жасалды

Қазақстанда сот алқасын тексерудің жаңа механизмі жасалды

Қазақстанда сот алқасын тексерудің жаңа тетігі әзірленді.

  • 21 Қыркүйек 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Соңғы 4 жылда заңның өрескел бұзылуын көрсете отырып, аппеляция мен кассацияға 1 461 қаулы шығарылды. Орта есеппен жылына 365 қаулыдан келеді. Бірақ, материалды сот алқасына беру не берқаамеуді облыстық соттың жалпы отырысы шешеді. Нәтижесінде сот алқасына материалдардың 20-25 пайызы ғана жетеді», — деді сенатор заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі кеңесте.

Оның айтуынша, осыған байланысты сот алқасын тексерудің жаңа тетігі әзірленген.

«Сот алқасының материалдары егер апелляция немесе кассация өз қаулысында өрескел заң бұзушылықтар туарлы көрсетсе бірден жіберіледі. Облыстық соттардың және Жоғарғы соттың жалпы отырыстары ендігі уақытта судтялар қауымдастығына ұсыным түрінде ғана заң бұзушылықтың анықталғаны туралы пікір білдіреді. Бұл судиялар тарапынан заңдылықтың бұзылуына тиімді әрекет етуді арттырады», — деді Айнұр Арғынбекова.

Айта кетерлігі, аталған кеңесте «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.