Жарияланды: 690

Қазақстанда Темір жол тасымалдаушыларының қауымдастығы құрылды

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Темір жол тасымалдаушыларының қауымдастығы құрылды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында бастамашыл топтың мүшесі Мейрам Баймағамбетов хабарлады.

"Қауымдастықтың мақсаты компаниялардың қызметінің сапасын көтеру, билік органдарымен ықпалдастық орнату, заң шығару жұмысына қатысу, қауымдастық мүшелерінің мүддесін қорғау және заңгерлік жағынан қолғабыс көрсету",- деді Мейрам Баймағамбетов. Қауымдастыққа жеке меншік 11 темір жол компаниясы бірікті : "Батыс Транс жол" ЖШС, "Батыс Транс Ақтөбе-2006" ЖШС, "Дамир Транс" ЖШС, "Жол Транс центр" ЖШС, "Құнан транс" ЖШС, "Марал Нұр" ЖШС, "Тұран Экспресс" жолаушылар компаниясы" ЖШС, "Сұңқар 1" ЖШС, "Сәббі жол-А" ЖШС, "Тасымалдау ПВ" ЖШС, "Темір Тұлпар KZ" ЖШС. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін