Жарияланды: 390

Қазақстанда ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді

Қазақстанда ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді

15-16 қазан күндері Қазақстан Республикасының Бурабай кентінде ТМД Сыртқы істер министрлері Кеңесі мен мемлекет басшылары Кеңесінің отырыстары өтеді.

Достастықтың Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің қарауына алдағы атаулы даталар - БҰҰ-ның құрылуының 70 жылдығы және Чернобыль апатының 30 жылдығына арналған құжаттардың жобалары ұсынылады. Бұдан басқа, мемлекет басшылары көші-қон, қылмыспен күрес, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, шекараларды қорғау саласындағы ынтымақтастықты реттеуші құжаттарды қабылдап, сондай-ақ әскери салада өзара ықпалдастықты дамытуға қатысты мәселелерді қарастырады.

Құжаттардың бір бөлігі Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында алдын ала талқыланады. Бұдан бөлек, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД-ның 25 жылдығын мерекелеу бойынша шаралар жоспарларын талқылап, алдағы уақытта халықаралық жастар ынтымақтастығы мен денешынықтыру және спортты дамыту, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық агенттіктер басшылары кеңесінің қызметін және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымдарын құру және қызмет атқару мәселелерін ортаға салады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін