«Мен министр ретінде, «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы жаңа заңына қарсы емеспін. Мәселе БАҚ туралы жаңа заңды қабылдау жөнінде бастама көтерілуінде. Біздің министрлік оған ашық әрі дайын», — деді Е. Ертісбаев депуттардың сауалдарына жауап берген кезінде.
Министр еске салғанындай, парламенттің үшінші шақырылымының бір топ депуттары «БАҚ» туралы жаңа жобасын жазып, онда «қазіргі қолданыстағы заңның 80% қайталаған» болатын. Ал заң шығару процедуралары бойынша, өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңның 50% артық болған жағдайда ғана жаңа заң қабылданады.
«Мен журналистер одағына, Қазақстанның журналистер конгрессіне, «Әділ сөз» қорына,»Интерньюс-Казахстан» және парламент корпусына біздің министрліктің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, онда қазіргі қолданыстағы заңды егжей- тегжейлі сараптап, біздің ұсынып отырған заңды талқылау жөнінде ұсыныс жасадым», — деді Е. Ертісбаев.
«Егер өзгертулер көлемі 50% жоғары болса, онда БАҚ туралы жаңа заңның қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі біздерге білгілі бір жауапкершілікті жүктейді», -деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті