Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайтын болады
![]() |
Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. |
Мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында төмендегі бағыттар бойынша қосымша пойыздар сапарға шығады:
- №152/151 Астана-Алматы-1, пойыз Астанадан 2015 жылдың 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 1 қаңтарында, Алматыдан 2015 жылдың 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында жолға шығады.
- №153/154 Астана-Қостанай, пойыз Астанадан 2015 жылдың 27 желтоқсанында, Қостанайдан 2015 жылдың 28 желтоқсанында жолға шығады.
- №156/155 Қарағанды-Жезказған пойызы Қарағандыдан 2015 жылдың 15, 17, 19, 25, 27, 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында және Жезқазғаннан 2015 жылдың 16, 18, 20, 26, 28, 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 3 қаңтарында жолға шығады.
- №452/451 Алматы-2-Достық пойызы аптасына үш рет Алматыдан 2015 жылдың 14-28 желтоқсаны аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал Достық стансасынан 2015 жылдың 15-29 желтоқсаны аралығында сейсенбі,бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады.
- №454/453 Алматы-1-Семей пойызы, Алматыдан 2015 жылдың 27 желтоқсанында, Семейден 2015 жылдың 28 желтоқсанында жолға шығады.
Бұдан бөлек, 2015 жылдың 27 желтоқсанынан бастап №47/48 Атырау-Астана «Каспий» жүрдек пойызы енді жаңа бағыт: Көкшетау-Новоишим-Қостанай-Тобыл-Никельтау-Қандыағаш стансалары арқылы (бұрын Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Никельтау, Қандыағаштың үстімен өтетін) күнара жүретін болады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, Астанадан тақ күндері жолға шығады.
2016 жылдың 4-ші қаңтарынан бастап Қарағанды-Киев бағыты бойынша (Астана-Киев пойызының орнына) №107/108 жолаушылар пойызы тағайындалды. Пойыз аптасына бір рет Қарағандыдан дүйсенбі, ал Киевтен бейсенбі күндері сапарға аттанады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін