Жарияланды: 700

Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауады, жел күшейеді,

тұман түседі, солтүстігінде көктайғақ болады, елдің батысында ғана ашық ауа райы күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, шамалы көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.

Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін