Жарияланды: 760

Қазақстанда жаз шыға ет жеткізілімі азаюы себепті оның бағасы көтерілді

Қазақстанда жаз шыға ет жеткізілімі азаюы себепті оның бағасы көтерілгенін негізгі азық-түлік бағаларына ҚазТАГ агенттігі жасаған мониторингі растады.

«Ет бағасы Т100-300-ге көтерілді. Оның себебін супермаркет әкімшілдері жазғы маусымның басталуымен түсіндіреді. Олар жаз шыға ет жеткізілімі азаятындығын айтып отыр», - деп ҚазТАГ тілшісі Астанадан хабарлайды. Шығыс Қазақстанда да ет бағасының қымбаттауы байқалады. «Ет біртіндеп қымбаттауда. Сиыр еті базардарда килосына Т1200, ал қой еті – Т1000-1050 тұрады», - деп тілші Семейден хабарлады. «Сиыр етінің баға алшақтығы 750-ден 1400 аралығында. (бұрын 850-ден 1300 аралығында болатын) Қой еті – 1200 теңге (бұрын 1100 болған)», - деп меншікті тілшіміз Өскеменнен хабарлайды. Одан басқа Өскеменде алма Т350-ден Т550-600-ге көтерілді. Сондай-ақ ірімшік бағасы да көтерілуде. «Соңғы үш айда ресейлік және украиндық және беларустық өндірістегі ірімшіктер Т300-ге қымбаттап, жергілікті ірімшік – Т150-500-ге қымбаттады», - деп хабарлайды тілшіміз. Зейнеткерлердің пікірінше, Шығыс Қазақстанда баға тұрақтандыру бағытында ешнәрсе атқарылып жатқан жоқ. «Жаңалықтардан инфляцияны ырықтандыру бағытындағы штаб құрылғанын естиміз, газеттен ол туралы оқимыз, ал баға шарықтап бара жатыр. Бұл бюджет қызметкерлеріне 1-ші шілдеге жалақысын уәде еткендей 30% көтремей тұрып, ал көтерген соң не болады?», - деп Семейдің зейнеткерлері ашуланады. Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында көкөніс бағасы арзандады. Шымкент, Алматы, Қарағанды мен Өскеменде қызанақ пен қияр бағасы айтарлықтай арзандап, сәбіз бен пияз бағасы теңелді. «Жаздың алғашқы аптасында азық-түлік бағасында көптеген тербелістер орын алды. Әсіресе көкөніс бағасы. Мысалы, картоп бағасы 120-дан Т200-ге көтерілді. Сәбіз керісінше, Т120-190-нан Т100-160-қа арзандады. Пияз бағасы барлық жерлерде килосына Т150 болды (бұрын Т140-200 болған) деп Өскемендік тілші хабарлайды. Қазақстандағы азық-түлік бағасымен төменгі кестеден не «ҚазТАГ» ХАА сайтынан танысуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін