«Барлық мереке күндері құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен, жол қызметтерімен, ішкі істер департаменттерімен бірлесе отырып, еліміздің аумағындағы жолдарда жұмыс істеді. 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында еліміз бойынша құтқарылған адамдар саны 478-ге жетті, сондай-ақ қар құрсауынан 988 техника шығарылып, 3019 адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді ресми өкіл.
Р. Иманқұловтың айтуынша, қыс кезінде адамдарды құтқару шараларына 600-ден астам құтқарушы мен 350 техника жұмылдырылды.