Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы облысының Іле ауданында Алматы — Өскемен тасжолының 60-шы шақырымында «Фольксфаген» көлігінің 37 жасар жүргізушісі 43 жасар еркек пен бір жасар баланы соққан. Олар алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Омбы — Майқапшағай тасжолының 1242-ші шақырымында 26-сәуірде 11 сағат 45 минутта 59 жасар жүргізушісі басқарып келе жатқан «ВАЗ-2115» жеңіл көлігінің аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жасар жолаушы оқиға болған жерде қаза тауып, жүргізуші мен 26 жасар жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті