Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді

Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді.

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұған Kurs.kz деректері дәлел, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде 11:25-тегі жағдай бойынша, долларды сатудың орташа бағамы – 482,33 теңге, сатып алу бағамы – 479,84 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы – 482,96 теңге, сатып алу – 476,36 теңге болды.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте таңертең Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 476,82 теңге, сатылым 479,50 теңгеге тең болған еді. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,73 теңгеден сатып алынып, 479,81 теңгеден сатылды.

Валюталардың 27 қыркүйектегі ресми бағамдары:


  • USD — 476,89 теңге;
  • RUB — 4,95 теңге;
  • EUR — 505,27 теңге;
  • CNY — 65,24.