Қазақстандағы экономикалық ахуал қалыпты жағдайда дамиды - мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 476.75
  • 541.59
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы экономикалық ахуал қалыпты жағдайда дамиды - мемлекет басшысы

Қазақстандағы экономикалық ахуал қалыпты жағдайда дамиды - мемлекет басшысы

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін елімізде аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы экономикалық ахуал қалыпты жағдайда дамиды деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 898
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан қажетті резервті жинады, сол себепті өзін барлық жағынан, соның ішінде қаржылық тұрғыда өзін сенімді сезінеді. АҚШ пен Еуропалық нарық жағынан бізге аздап салқынын тигізген ахуал ендігі жерде қалыпты жағдайда жалғасын табады, біз сол үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз», -деді президент.

«Бұны Кеңес Одағы ыдыраған кездегі дағдарыспен және 1997-1998 жылғы Оңтүстік Шығыс Азиядағы дағдарыспен салыстыруға келмейді. Біз мүлдем басқаша жағдайда болған және беріктіктен жұрдай болған сол бір кез емес», -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті