Қазақстандағы ең жас ана - он үште
![]() |
2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 12-15 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. |
Ал, Қазақстандағы ең жас ананың жасы - он үште екен. Бұл туралы бүгін Астанада қыз балалардың құқықтарын қорғау мəселелері айтылған дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-дмографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Əсия Хайруллина мəлім етті.
"Дөңгелек үстел 11 қазан - халықаралық қыз балалар күніне орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Əрине, елімізде өзге де əлеуметтік-экономикалық мəселелер жетерлік. Бірақ, бүгінде қыз балалардың тəрбиесі мен денсаулығына, олардың құқықтарын қорғауға қатысты алаңдатып жүрген мəселелерді ашып айтқым келеді", - деген ол Қазақстан бойынша кəмелет жасына толмаған екі миллионға жуық қыз бала өмір сүретінін атап өтті.
"Сараптай келе, жасөспірім қыздардың арасындағы ең көп кездесетін жəне ең ауыр мəселе - ерте жəне мəжбүрлі неке екенін анықтадық. Қазақстан бойынша жылына үш мыңнан астам қыз бала кəмелет жасына толмай тұрмыс құрады. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Қазақстандағы ең жас ана - он үш жаста", - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін