Қазақстандағы мұз айдыны шоуына әлемнің 19 атақты конькишісі келеді - Денис Тен - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мұз айдыны шоуына әлемнің 19 атақты конькишісі келеді - Денис Тен

Қазақстандағы мұз айдыны шоуына әлемнің 19 атақты конькишісі келеді - Денис Тен

Денис Теннің «Олимпиада энергиясы» мұз айдыны шоуына биыл мәнерлеп сырғанаудың 19 әлемдік жұлдызы келеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында Олимпиада жүлдегері мәлімдед

  • 28 Сәуiр 2014
  • 663
Фото - Caravan.kz

«Биыл Астана мен Алматыда өтетін «Олимпиада энергиясы» атты мұз айдыны шоуына Жапониядан, Ресейден, Америкадан, Канададан 19 атақты спортшы, оның ішінде 9 олимпиада чемпионы келеді. Қазірдің өзінде Жапонияның №1 спортшысы Мао Асада, Каролина Коснер, Эван Лайсаджек, Маским Маринин, Владимир Беседин, Алексей Полищук өздерінің келетіндігін айтты. Сонымен қатар, әлемге белгілі шоумен жүргізушілер, бишілер келеді», — деді Денис Тен.

«Бұл біздің елімізді танытуға септігін тигізетін үлкен жарнама құралы болмақ. Сондай-ақ, жас жеткіншектер өздері еліктеп өскен спортшыларын көріп, олармен тілдесе алады. Бұл олардың спортта жетістікке жетуіне септігін тигізеді», — деді спортшы.


Олимпиада жүлдегерінің ойынша, мұндай мәдени шаралар қазақстандықтардың күнделікті күйбеңді бір сәт ұмытып, көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік туғызады.

Биылғы шоудың ерекшелігінің бірі — концерттік бағдарлама симфониялық орекстрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Әлемдік деңгейдегі шоу Алматыда 28-29 мамырда өтеді. Әлемдік жұлдыздардың мұз айдынындағы өнерін астаналықтар 30 мамырда тамашалай алады.

Билеттер мамырдың басынан сатыла бастайды.