Қазақстандағы заңсыз діни қозғалыстардың іс-әрекеттерінің жолын кесу қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы заңсыз діни қозғалыстардың іс-әрекеттерінің жолын кесу қажет - Назарбаев

Қазақстандағы заңсыз діни қозғалыстардың іс-әрекеттерінің жолын кесу қажет - Назарбаев

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы заңсыз діни қозғалыстардың іс-әрекеттерінің жолын кесу қажет. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

«Біз зайырлы мемлекетпіз, дін мемлекеттен бөлінген, бірақ бұл Қазақстан небір діни қозғалыстардың қоқысына айналуға тиіс деген сөз емес»,- деді Н. Назарбаев. «Бүгінгі күнде Қазақстанда оншықты мың әртүрлі миссионерлік ұйымдар жұмыс істейді. Біз олардың мақсаттары мен мідеттерінен бейхабармыз және елімізге қажетсіз әсіре еркіндік пен тайраңдуға жол бермеуге тиіспіз»,- деп атап көрсетті президент.

«Нұр Отан» партиясы діннің, ең алдымен ислам мен христиан дінінің қоғам өміріне әсерінің өсе түскенін ескере отырып, діни мәселеге қатысты ұстанымын нақты нығайтуға тиіс», — деп атап өтті мемлекет басшысы. «Әрине, партия діни радикализм, экстремизм сияқты ыдыратқыш құбылыстарға қатысты ұдайы принциптік көзқарас танытып, келеңсіз құбылыстардың алдын алуға бағытталған заңнамаларды жетілдіруге қатысты шаралар қабылдауға тиіс»,- деп қорытындылады Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті