Қазақстандық азамат 500 литрден артық қан тапсырған - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық азамат 500 литрден артық қан тапсырған

Қазақстандық азамат 500 литрден артық қан тапсырған

Құрметті донор Александр Скаковский донация саны жағынан Австралия тұрғыны Джеймс Харрисоннан кейін әлемде екінші орында тұр. Бұл туралы egemen.kz жазады.

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 687
Фото - Caravan.kz

Донорлық — адам өмірін сақтап қалатын ынтымақтың ерлік актісі деп тегін айтылмаса керек. Өйткені, миллиондаған адам өмірлерінде өздері ешқашан көрмеген, өтеуіне ешқандай ақы дәметпей, өз еріктерімен қан тапсырған адамдардың алдында қарыздар. Тәжірибе көрсеткендей, ақысыз донорлардың тапсырған қаны ең қауіпсіз болып келетінін ескерсек, жыл сайын 14 маусымда Донорлар күні әлемдік деңгейде аталып өтіледі. Аталмыш дата адам қанының топтарын ашқан, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Ландштейнердің туған күніне орай белгіленген екен.

Бір айта кетерлігі, бұл иманды шара әр жылы әр тақырыпта өтеді. Мәселен, биылғы Дүниежүзілік донор күні өтеусіз қан тапсыруға шешім қабылдап, ерлік жасаған адамдарға алғыс пен ризашылық ретінде «Менің өміріме араша болғаныңа рахмет!» тақырыбымен өткізілді.

«Бауыржан» қоғамдық қоры мен «Қазақстан Қызыл жарты айы» қоғамдық бірлестігі «Самсунг» компаниясымен бірлесе отырып, «Сенің күнің, донор!» ұранымен елімізде ақысыз донорлықты дамыту және насихаттау акциясын өткізгенін атап өткеніміз жөн. Бұған республикаға белгілі беделді азаматтар, шоу-бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның құрметті донорлары қатысқан. Осы ретте биылғы айтулы датада мыңыншы қан тапсырған еліміздің құрметті доноры Александр Скаковскийді ерекше атап өткеніміз жөн.

Бұл отандасымыз донация саны жағынан Австралия тұрғыны Джеймс Харрисоннан кейін әлемде өтеусіз донорлықтан екінші орынды иеленуі көңілге қуаныш ұялатады. Мейірімді ісін 1971 жылдан бастаған ол — Қан орталығына 1 айда 4 рет келуді әдетке айналдырған. Осылайша ол 500 литрден артық қан тапсырып үлгерген.

— Мен жастайымнан ішімдік пен шылымға еш әуестенбедім. Ең алғаш рет жас ана мен баланың өмірін өлімнен арашалап қалдым. Бұл ісімді 1971 жылдың 12-шілдесінде бастағанмын. Болашақта да ерікті плазмалық және иммундық қан тапсырушы болып қала беремін. Осындай көп мөлшерде қан тапсырғаныма қарамастан өзімді жас, әрі жақсы сезінемін», — дейді отандасымыз.


Бүгінде әлем бойынша австралиялық Джеймс Харрисон донорлықтан ешкімге дес бермей келеді. Ол осы күнге дейін 1036 рет қан тапсырыпты. Александр Скаковский болса Отандасымыз Джеймстен 9 жасқа кіші болғандықтан, бұл көрсеткішті әлі жаңғыртамын деп отыр. Құрметті донордың тамақтануы да көптен еш ерекшеленбейтін көрінеді. Өзі қанын беріп, өлім аузынан аман сақтап алып қалған жас сәби биыл 41 жасқа келіпті.

— Мұндай адамдар өте сирек. Ол кісі Қазақстан емес, бүкіл әлем бойынша екінші орында тұр. Енді осы кісілерден, осындай донорлардан үлгі алған біздің жастарымыз да сондай көрсеткішке ұмтылады деп есептеймін», — дейді Республикалық қан орталығы директорының орынбасары Гүлсара Бекмұхаева.

Жалпы алғанда Алматы қаласы бойынша әр жыл сайын 40 мыңнан астам донор қан тапсырады. Бір ғана қан орталығына 2013 жылы 13 774 донор келсе, өткен жылы 16 мыңнан астам тұрғын қан өткізген. Бұл көрсеткіш жыл сайын 16 пайызға артуда. Соңғы жылы тұрақты қан тапсырушылар саны 2 пайызға өссе, алғаш рет келушілер саны 9 пайызға өсіпті.

Соңғы жаңалықтар