Қазақстандық биатлоншылар көрсеткіштерін жақсарта алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық биатлоншылар көрсеткіштерін жақсарта алмады

Қазақстандық биатлоншылар көрсеткіштерін жақсарта алмады

Кеше Италияның Антхольц-Антерсельва қаласында биатлоннан Әлем кубогының 6-шы кезеңіндегі әйелдер арасындағы спринттік жарыс өтті.

  • 18 Қаңтар 2013
  • 283
Фото - Caravan.kz

Онда 102 спортшының арасынан №44 Дария Усанова 33-ші, №75 Елена Хрусталева 43-ші, №97 Алина Райкова 64-ші орын алды. Бұған дейін бесінші кезеңде Алина Райкова 46-шы, Дария Усанова 49-шы, Марина Лебедова 78-шы сатыға табан тіреген болатын.

Бүгін енді ерлер арасындағы спринттік жарыста 102 спортшының арасында ел намысын Ян Савицкий мен Диас Кенешов қорғамақ. Әлем кубогының 5-ші кезеңінде Я. Савицкий 15-ші, Александр Червинков 65-ші орынға табан тіреген болатын. Ал 4-ші кезеңде Ян Савицкий 27-ші, Сергей Наумик 89-шы орыннан көрінген еді.