Жарияланды: 1400

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жердегі қалыпты тіршілікке қайта бой үйретіп жатыр

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жердегі қалыпты тіршілікке қайта бой үйретіп жатыр

ХҒС-да болып қайтқан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жердегі қалыпты тіршілікке қайта бой үйретіп жатыр.

"ЭКГ жасаттым, қан тапсырдым. Көрсеткіштері қалыпты деңгейде. Ғарыштағы салмақсыздықтан кейін адамның бұлшық еттері, əсіресе, жүрегі əлсірейді. Бақылау қажет", - деп жазды ол сəрсенбі күні Twitter желісіндегі парақшасында.
"Жерде қолыңнан түскен заттың бəрі құлайды. Біртіндеп үйреніп жатырмын", - деп қосты А.Айымбетов.
Қазақтан шыққан үшінші ғарышкер ХҒС-на 2-қыркүйекте аттанып, 12-қыркүйекте қайта оралған болатын.

2

3

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін