Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Қазақстанның хоккейден ерлер командасы әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы ойындардың үшінші күнінің нәтижесі бойынша үшінші орынға түсіп қалды.

  • 18 Сәуiр 2013
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

17 сәуір күні венгриялық хоккейшілерден 1:2 болып ұтылған қазақстандық құрама бірінші орыннан ғана емес, екіншіден де айырылып қалды. Бұл ойыннан кейін Венгрия құрамасының еншісінде — жеті, қазақстандық хоккейшілерде алты ұпай бар.

100 пайыздық нәтижемен соңғы матчта британдық хоккейшілерді 5:1 есебімен ойсыра ұтқан Италия құрамасы көш бастап тұр. Ұлыбритания құрамасы үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Азиялық командалар арасында жеңіске оңтүстіккореялықтарды 6:5 есебімен ұтқан жапондықтар жетті. Нәтижесінде Жапония құрамасы үш ұпаймен — төртінші, ал Оңтүстік Корея екі ұпаймен бесінші орынға орналасты.

Қазақстан құрамасы келесі матчты Оңтүстік Корея командасымен өткізеді, Жапония Ұлыбританиямен, ал Венгрия Италиямен кездеседі.