Қазақстандық мектеп түлектерінің төрттен бірі ҰБТ ең төменгі балды да жинақтай алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мектеп түлектерінің төрттен бірі ҰБТ ең төменгі балды да жинақтай алмаған

Қазақстандық мектеп түлектерінің төрттен бірі ҰБТ ең төменгі балды да жинақтай алмаған

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 20 мың 236 оқушы немесе түлектердің 23,1 пайызы

  • 9 Маусым 2014
  • 451
Фото - Caravan.kz

ЖОО мен колледжге түсуге қажетті 50 балды да жинақтай алмаған. Бұл туралы дүйсенбі күні Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, ҰБТ барлығы 87 мың 593 оқушы қатысқан. Оның 31 мың 678-і қазақ тілді, 25 мың 915-і орыс тілді мектептерді тәмамдаған.

Ең жоғарғы балды (125 балл) Алматылық Айғаным Әбдіжапар мен Әсия Марат, шымкенттік Шахзода Ахметжанова мен ОҚО оқушысы Ұлпан Ержанова алды.


13 мың 137 түлектің алған ұпайы 100 балдан асады.

Биылғы жылы ҰБТ маусымның 2-сі мен 8-і аралығында өтті.