Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті

Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы Федерация Кубогының Азия/Тынық мұхиты елдері белдеуінің бірінші тобында болған кездесуде Таиландтан басым түсті.

  • 8 Ақпан 2013
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ксения Первактың жеке ойындағы жеңісі мен Ярослава Шведованың жеңілісінен кейін қазақстандық құрама аталмыш топта жеңіске жету үшін жұптық жарыста бар күшін салуға міндетті болды. Команда капитаны Юрий Карлов кортқа Галина Воскобоева мен Ярослава Шведованы шығаруды шешті.

Ноппаван Лертчивакарн мен Варатчай Вонгтеанчайға қарсы кездесу қазақстандық жұп үшін оңай болмады. Бірінші сетте Шведова мен Воскобоева 2:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін жарыс барысын өзгертіп, 6:2, 6:0 есебімен қарсыластарының қолдарынан жеңісті суырып алды.

Қазақстан Үндістан мен Таиландты жеңіп, топта көшбастады. Енді Федерация Кубогының екінші Әлемдік тобына шығу үшін бақ таластырады.