Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростың» екінші айналымына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростың» екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростың» екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Францияның Ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») бірінші айналымынан сүрінбей өтті.

  • 27 Мамыр 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Біліктілік сыны арқасында бәсекенің негізгі кезеңіне жолдама алған Г. Воскобоева америкалық Грейс Минді 4:6, 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Жерлесіміздің келесі қарсыласы италиялық Роберто Винчи мен жарыс қожайыны Стефани Форетц арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Сондай-ақ бұған дейін париждік корттарда Қазақстанның тағы бір өкілі — Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол өзінің бастапқы матчында жапондық Аюми Моритадан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.