Қазақстандық теннисші «Үлкен шлемнің» екінші айналымына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші «Үлкен шлемнің» екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші «Үлкен шлемнің» екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2013 Австрия ашық чемпионаты «Үлкен шлем»турнирінде алғашқы жеңіске қол жеткізіп, екінші айналымға өтті.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бірінші айналым матчында 18 жастағы жерлесіміз америкалық теннисші Кристиной МакХэйлді ұтты. Еске салсақ, америкалық Кристиной МакХэйл әлемдік рейтингте 35-і ракетка саналады. Ал біздің Путинцева WTA рейтингінің 122-і сатысында тұрғанын ескерсек, бұның өзі үлкен жетістік.

Ойын барысына келейік: алғашқы сетте қазақстандық теннисші қыз басымдықты уыста ұстай білді және бірінші партияны 6:1 есебімен аяқтады. Екінші кезекте 20 жастағы америкалық бар күшін сарқа жұмсағанымен, ойында басымдық таныта алмады. Екінші сеттегі есеп — 7:0. Ал шешуші үшінші партияда Путинцева есепті 6:2-ге жеткізіп, бүкіл матчты жеңіспен қорытындылады.

Енді Мельбурндегі турнирдің келесі айналымын жерлесіміз испандық Карла Суарес Наварромен өткізеді. Путинцеваның бұл жолғы қарсыласы итальяндық теннисші Сара Эрранидың жолын кескен болатын.