Жарияланды: 570

Қазақстандықтар Сенегалдың 8 ауылын ауызсумен қамтамасыз етті

Қазақстандықтар Сенегалдың 8 ауылын ауызсумен қамтамасыз етті

Астана қазақ-түрік лицейінің түлектері Сенегалдың 8 ауылын ауызсумен қамтамасыз етті.

«Астана қаласының қазақ-түрік лицейінің түлектері Сенегалда 8 ауылды ауызсумен қамтамасыз ететін құдық қазып, орнату жұмыстарына демеушілік жасады», деп жазды Фейсбукте ҚТЛ түлегі Асхат Бөбей.

Оның айтуынша, Сенегалда судың жетіспеушілігі өткір мәселе болғандықтан, осы елге таңдау түскен.

 «Кейбірі «неге Афирка?» деген ойға қалуы мүмкін. Бізде дәл мұнай проблема жоқ. Кеңес одағы кезінде барлық елді мекендерге су тартылған, ал оларда су тапшылығы өткір мәселеге айналған. Бұл қайырымды іс құрлық тұрғындарының  жүрегіне оларға бей-жай қарамайтын адамдар да әлемде бар екен деген жылылық ұялатары сөзсіз», - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстанда алғашқы қазақ-түрік лицейі  1992 жылы Алматы, Көкшетау, Кентау қалаларында пайда болды.

Дарынды балаларға арналған Астана қазақ-түрік лицейі 2014 жылы 20-жылдығын атап өтті. Дарынды балалар лицейге көктемде 6 сыныпты аяқтағаннан кейін логика, математика, қазақ тілі пәндері бойынша тестілеу нәтижесі бойынша түседі. Лицейде математика, биология, физика, география, химия тереңдетіліп оқытылады. Сабақ ағылшын тілінде өтеді. Бұдан басқа, олар түрік, орыс тілдерін зерделейді. Гуманитарлық пәндер мемлекеттік тілде өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін