Жарияланды: 440

Қазақстанға ауылшаруашылығы техникасын сатып алумен ғана шектелмей, оны өндірумен де айналысу керек - ҚР Елбасы

ҚР Елбасының Қостанай облысына жасаған ресми сапары аясында "АгромашХолдинг" компаниясының басшылығымен кездесуде Ресейліктер Қазақстанмен бірлесіп трактор жасайтын кәсіпорын ашу жөнінде ұсыныс білдірді. Кәсіпорын Павлодар трактор зауытының негізінде құрылады деген болжам бар. Онда жаңа тракторлар Алтай трактор зауыты мен Семей машина жасау зауыттарының қосалқы бөлшектерінен құрастырылмақшы.

Елбасының атап көрсетуінше, еліміз қысқа мерзімде 3,5 мың ауылшаруашылығы техникасын сатып алған. "Ауылшаруашылығы техникасын біз түбегейлі жаңалауды алғаш рет жүзеге асырдық, бұл- сала аясындағы өсудің айқын белгісі екені анық",- деді ол. Соған қарамастан, Елбасының атап көрсетуінше, Қазақстанның мүддесі тек Ресейден техника сатып алумен шектелмейді. "Қазақстан үшін тракторлар мен комбайндар құрастыратын өндірістер ашудың маңызы зор. Сол себепті тек сауда-саттық шараларымен ғана шектелмейтін Ресейлік компанияларға мемлекет қолдау көрсетеді",- деді президент. Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын ашу жөніндегі ұсынысты үкімет дәйекті саралап көреді деп сендірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть