Қазақстанға Малайзияның бас билеушісі мемлекеттік сапармен келеді
11-14-қыркүйекте Малайзияның бас билеушісі Саид Сираджуддин Ибни Аль-Мархум Туанку Саид Путра Джамалуллаил Янг Ди-Пертуана Агонга XII мен оның зайыбы Туанку Фаузиа Бинти Альмархум Тенгку Абдул Рашид мемлекеттік сапармен елімізге келеді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады. |
11-қыркүйектегі сапар бағдарламасына сәйкес, Малайзияның бас билеушісі мен оның зайыбы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі деп межеленген. Сондай-ақ, Елордасында меймандар Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетте болып, Астанадағы Орталық мешітте жұма намазға қатысады, бұдан кейін президенттің мәдениет орталығы мен ҚР Республикалық Гвардиясының 2-полкында болады.
13-қыркүйекте Малайзияның бас билеушісі мен оның жұбайы Алматыға келіп, мұнда Қастеев атындағы өнер мұражайы мен Орталық мемлекеттік мұражайын, сондай-ақ, "Нұрдәулет " ат спорты шаруашылығы мен "Заңғар" сауда үйін аралайды.
14-қыркүйекте мәртебелі меймандар Стамбулға аттанып кетеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін