Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін

Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін

Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр.
&nb

  • 21 Шiлде 2023
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев айтты, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы «Адырна» -ға сілтеме жасап.

«Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды»,— деді ол шетелдік инвестиция тарту туралы брифингте.


Төраға компаниялардың қай облыстарға келуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Көпшілігі шекаралас аймақтар, соның ішінде Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады»,—деп толықтырды Зебешев.