«Алдын- ала мәліметтер бойынша, ҚР сыртқы сауда айналымы 2007 жылы шамамен $78,8 млрд жеткен. 2006 жылғы сыртқы сауда айналымымен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 27,3 % өскен. Ал 2007 жылы сауда теңдестігінің айырмасы 14,5 млрд долларды құрайды. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден $400 млн артық», деді Ғ. Оразбақов.
«Қазақстан экспортының басым бөлігі шикізаттардан тұрады. Сонымен бірге, 2007 жылы өңдеу кәсіпорындары тауарларының экспортының ұлғайғандығы байқалады. Оның ішінде химиялық өнімдер көрсеткіші 24% , көлік құралдары мен оның жабдықтау бөлшектері 32,5 % құраған», — деп атап өтті ҚР ИСМ басшысы.
Оның берген мәліметтері бойынша, Қазақстанның импорттық тауарларының негізгі бөлігін көлік, құрал-жабдықтар мен механизмдер құрайды. «Олардың жалпы импорт көлеміндегі салмағы 46,8% алып жатыр. Бұл жәйт импорттың инвестициялық бағыт-бағдарының көрсеткіші», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті