Жарияланды: 590

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеует өте зор - Владимир Ясинский

«Біз инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ықпалдастық құрамға зор басымдық береміз. Бұл жайында Еуразиялық даму банкінің талдамалық жұмыс жөніндегі директоры Владимир Ясинский ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Еуразиялық даму банкі инвестициялық жобаларының салалық құрылымы әртүрлі. Оның үштен бірін энергетика пен көлік инфрақұрылымы құраса, агроөнеркәсіп кешені - 10 пайызды, қаржы секторы - 8 пайызды, тікелей инвестициялау қоры 4 пайызды құрайды», - дейді Владимир Ясинский. Оның айтуынша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында әлеует өте зор. Ауыл шаруашылығының үлесі өзге секторлардан аз болғанмен тұрақты өсуде. Қазіргі таңда 4 жоба жұмыс жасайды. Жалпы агроөнеркәсіптік кешенді қолдау экспорттық құрамдағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Ондағы бірқатар жобалар бидай экспортын дамытуға арналған. Жалпы Еуразиялық даму банкі инвестициялық кредиттеу көлемі жағынан кеңестік кеңістіктегі халықаралық даму банктерінің үздік үштігіне кіреді. Оның алдында тек Бүкіләлемдік және Еуропалық даму банктері ғана тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін