Қазақстанның бес облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
![]() |
Қазақстанның 5 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Шемонаиха-РФ шек» республикалық маңызы бар тас жолында (108-123 км), сағ. 10-40 «Алматы-Өскемен» (977-1073 км) «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай» (6-66 км); «Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.» республикалық маңызы бар тас жолында (54-102 км, 108-123 км, Первомайка к.-Шемонаиха қ.-РФ шек.); «Семей-Долонь-Большая Владимировка-Сосновка-Қоянбай» облыстық маңызы бар тас жолында (72-184 км); «Өскемен-Самар» облыстық маңызы бар тас жолында (63-145 км, Тарғын а.-Самар а.); «Өскемен-Самар» облыстық маңызы бар тас жолында (63-145 км, Тарғын а.-Самар а.); «Бородулиха-Жезкент» облыстық маңызы бар тас жолында (30-49 км, Переменовка а.-Жезкент к.); а/ж «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» (320-704 км. Қарағанды обл. шек.-Аягөз қ.) сағ. 19-00 «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар тас жолында (778-973 км, Аягөз қ.-Қалбатау а.); «Семей-РФ шек.» (2-113 км) барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар тас жолында (683-768 км, Аягөз қ.-Таскескен бұрылысы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» республикалық маңызы бар тас жолында (100-167 км, Октябрьский кенті-Зырян қ.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тас жолында (942-1103 км, Кентрлау-Богас) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. «Өскемен-Семей» республикалық маңызы бар тас жолында (8-154 км, Өскемен қ.-Шульбинск бұрылыс) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
Қарағанды облысында райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) а/д «Екатеринбург-Алматы» (1492-1610 км Қарағанды-Ақсу-Аюлы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар,бұрқасын) "Ақтөбе-Орск" а/ж (16-135 шақ. Ақтөбе қ.- РФ шек. Орск қ. дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды. "Самара-Шымкент" а/ж (773-965-шақ. п.Белогорка-п.Қарабұтақ дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) барлық бағыттарда барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ал Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) "Астана-Петропавл" (304-341 км), "Көкшетау-Омбы" (2-50км),"Көкшетау-Рузаевка" (0-61 км), "Екатеринбург-Алматы" (856-917 км) а/ж учаскесінде барлық түрлері автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін